««ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!» »
Автор: КГУ Мичуринский детский дом

(Ортаға екі бала шығып, жарапазан айтады)

1-ЖАРАПАЗАНШЫ:

УА, ЖАРАҢДАР; ЖАРАҢДАР!

БӘРІҢ БЕРІ ҚАРАҢДАР,

НАУРЫЗ ДУМАН БАСТАЛДЫ,

БІР СӘТ ЗЕЙІН САЛАЙЫҚ.

ҰШТАСҚАН ОЙМЕН МӘҢГІЛІК

БІЗДЕР ДЕ БАР САН ҒҰРЫП,

ҒАСЫРЛАРДАН ҒАСЫРҒА

КЕЛЕ ЖАТҚАН ЖАҢҒЫРЫП.

БЕРМЕН ЖАҚЫН ТҰРЫҢДАР,

СӨЗІМЕ КӨҢІЛ БҰРЫҢДАР,

ЖАУҚАЗЫНДАЙ НАУРЫЗДЫҢ

ЖАРАПАЗАН ЖЫРЫ БАР.     

       2-ЖАРАПАЗАНШЫ:

ЕЙ, ЖАРАҢДАР, ЖАРАҢДАР!

БӘРІН БЕРІ ҚАРАҢДАР!

ЕЛІМ НАУРЫЗ КЕЛДІ ДЕП,

ТОЙ ДАБЫЛЫН ҚАРАҢДАР!

КҮТТІРІП КЕЛГЕН ЖЫЛ БАСЫ,

БІЗБЕН БІРГЕ ЖЫРЛАШЫ.

ЕЛІМНІҢ ДАСТАРХАНЫНА

БЕРЕКЕ, ЫРЫС СЫЙЛАШЫ.

АТА-БАБАМ ТОЙЛАҒАН
НАУРЫЗЫМ, АРМЫСЫҢ!   

         1-жүргізуші: 

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

Наурыз тойы басталды.

Көргендер де арманда,

Көрмеген де арманда

Қызықтан тыс қалмаңыздар!

2-жүргізуші:

Армысыңдар ағайын!

Бармысыңдар ағайын!

Ұлыс бақты болсын!

Әр күніміз жақсы болсын!

1-жүргізуші:

Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні.

Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты.

2-жүргізуші:

Наурыз- жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні. Жыл басы. Бұл біздің халқымызда Күн мен Түн теңелер мезгіл- Наурыз айының 22-ші жұлдызына сәйкес келеді.

1-жүргізуші:

Күттіріп келген жыл басы

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарханға елімнің

Береке, ырыс сыйлашы.

2-жүргізуші:

Ой, халайық, халайық,

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойы көңілді

Бірге қарсы алайық.

1-жүргізуші:

Наурыз тойының ең басты тағамы , бұл-наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі тағамнан дайындалады.  Сүр ет, сорпа, айран, мейіз, өрік, күріш, тұз.

Енді сыйлы қонақтарымызға наурыздың басты тағамын ұсынамыз.

Наурыз көже

    Ашық болсын қас-қабақ

    Таспен атқанды аспен ат.

    Бейтаныс та, таныс та

Бүгін төрде бас қонақ. 

Арпа, бидай, тары бар

Қатық, малта, ағы бар.

Ішілетін, жейтінің

Бұл көжеде бәрі бар 

          (Милана мен Люда қонақтарға наурыз көже ұсынады)

2-жүргізуші:

Енді, біздің ауылымызға әзілдің атасы Алдар Көсе де келіп қапты. Енді сол кісінің қатысуымен бір-екі әзіл әңгімені тамашалаңыздар.

Ертегі «Алдар көсе мен бай баласы»

Бір күні Алдар жаяу келе жатса, алдынан бір салт атты кездесе кетеді. Алдар әнін айтып келеді:

Алда десең алдаймын,

Сайтанды да арбаймын.

Сараңдарға қаттымын

Кедейлерге балдаймын.

А-а-а,е-е-е...

Мен Алдармын, Алдармын,

Шегі жоқ даңқымның.

Өмірімді арнармын

Бақыты үшін халқымның.

Амандық айтып, жөн сұрасқаннан кейін:

- Атың кім? – дейді жаңағы кісі Алдарға.

- Атым – Алдар.

- Әй, сен әлгі алдамшы Алдармысың?

- Иә.

-Кәне, мені алдашы.

- Ойбай! – деп санын бір-ақ соғады сонда Алдар. – Алдауыш ала таяғым үйде қалып қойыпты. Атыңды бере тұршы, алып келейін.

Бай баласы түсіп, атын береді. Алдар былай шыға беріп:

- Алдаған деген осы болады, қош бол! – деп, шаба жөнеледі. Бай баласы алданғанын сонда ғана біліп, санын бір-ақ соғады.

2. Ертегі «Өлген қазан».

Бір күні Алдарға қазан керек болып, байдың үйіне барады.

- Ассалаумағалейкум, байеке!

- Уағалейкумассалам! Қандай шаруамен жүрсің?

- Байеке, қазаныңызды бере тұрыңызшы.

- 100 теңгенді бер де, ала бер.

-  Қарызға жазып қойыңыз, кейін беремін.

- Жарайды, ал.

Сараң байды қалай алдап, тақырға отырғызсам деп жүретін. Сәті түскен секілді.

Алдар Көсе байдың қазанының ішіне кішкене қазанды салып, алып келеді. 

- Байеке, сүйінші! Сізге жақсы жаңалығым бар. Сіздің қазаныңыз балалады. Қазан сіздікі болған соң, баласын да әкеп тұрмын.

- Ой, рахмет, Алдар. Дұрыс істедің! Жарайды, керек кезінде алып тұр.

Біраз уақыт өткеннен кейін Алдар тағы да қазан алу үшін, байдың үйіне келеді.

- Байеке, сізге тағы келдім. Қазанынызды бере тұрмайсыз ба?

- Ала ғой, Алдар, Ала ғой. Сенен аяғанымды ит жесін.

- Рахмет, байеке

Бірнеше күн өтеді, Алдар қазанды қайтармай жатып алады. Бай тағатсызданып, ашулана бастайды.

- Бұл неге қазанымды қайтармай қойды? Бұған не болды екен. Өзім бармасам болмас.

Бай Алдардың үйіне келеді

- Әй, Алдар қазаным қайда? Неге уақытында қайтармай қойдың?

Қайтар қазанымды!

- Байеке, сізге қалай айтарымды білмей отырмын..

- Иә, не болды?

- Кеше қазаныныз қайтыс болды.

- О, не дегенің қазан өлуші ме еді? Қайтар, менің қазанымды Алдар, қайтар!

- Әрине, байеке! Туа білген қазан өле де біледі.  

- Әй, қу Алдар – ай, қу Алдар!

2-жүргізуші:

Аулымызда той болып жатқан соң, салт бойынша «ауылдың алты аузы» айтылу керек қой. Ендеше, осы «Қазақ осы» термесін қабыл алыңыздар.

    Бата беру.

      Ұлыс оң болсын,

      Ақ мол болсын,

      Қайда барсақ жол болсын!

     Төрт түлік ақты болсын,

     Ұлыс береке берсін,

     Бәле-жала жерге енсін!

     Ұлы халқым тоқты болсын!

     Көйлектерін көк болсын!

     Уайым-қайғы жоқ болсын!

     Қуаныштарын көп болсын!

Әумин!