«Патриоттық тәрбие беру бағдарламасы »
Автор: КГУ Мичуринский детский дом

Мазмұны

1.

Түсінік хат

2

2.

Бағдарламаның өзектілігі, көтерілетін мәселе

3

3.

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

5

4.

Жұмыс жоспарлары

6

5.

Қолданылған әдебиеттер

10

Түсінік хат

Еліміздің  егемендігін нығайту жағдайында жас ұрпақты патриотизм мен азаматыққа тәрбиелеу, олардың елін-жерін сүйетін, ана тілін ардақтайтын, ұлтын пір тұтатын азамат болып өсуін қамтамасыз ету тәрбие жүйесінің басты мақсаты.

Жас ұрпаққа ұлтжандылық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауында «Олар... күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады» және Қазақстан  Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттері: азаматтық пен елжандылықты, өз Отаны-Қазақстан Республикасын сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру» деп ерекше мән берілген осы мақсатқа жетуге арналған игі шаралардың бірі «Қазақстан Республикасының азаматтарына  патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» патриоттық тәрбие жүйесін нысаналы дамыту арқылы азаматтардың бойында жоғары патриоттық сананы, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, Отанның мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борышы мен конституциялық міндеттерін орындауға дайындығын тәрбиелеу,-деп:

1.     Қазақстандық патриотизмді, төзімділікті, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді, өркениетті, азаматтық және тұлғааралық қатынастардың қалыптасуына жағдайлар мен әлеуметтік алғышарттар жасау;

2.     Мінез-құлықтың жағымды үлгілерін қалыптастыру және жастар арасында бүгінгі заман қаһарманының бейнесін танымал ету арқылы патриотизмге тәрбиелеу;

3.     Отан, қоғам, өз отбасы игілігіне, жеке басына бағытталған дербес шешім қабылдай  алу қабілетінен көрінетін азаматты тәрбиелеуді, берік адамгершілік негізге ие, солайбола тұра өзгермелі жағдайларға бейімделуге қабілетті және жаңа идеяларға зерек, үнемі жетіліп отыратын тұлғаны тәрбиелеу.

Бағдарламаның өзектілігі, көтерілетін мәселе

Әрбір өлкенің батырларының  ерлік пен жауынгерлік дәстүрлері арқылы балаларға патриоттық тәрбие беру, сол арқылы олардың бойына ата-салтқа,туған өлкеге, жерге, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік қалыптастыру және өткен тарихты білуге деген ықыласын арттыру жұмыстарын жүйелі жүргізуді талап етеді.

Бүгінгі күні, келесі мәселенің бірі  - жас ұрпақты мәдени мұралар арқылы патриотыққа тәрбиелеу, өз халқының тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін меңгерген, мәдениетті, адами қасиеті мол шығармашыл тұлға етіп қалыптастыру-заман талабы, қоғам қажеттілігі.

Тәрбиеленушінің бойына ұлттық мәдени құндылықтарды қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, халық тағылымдарының алар орны ерекше екенін ескеру. Қай халықтың болсын ешкімге ұқсамайтын өзіндік тағдырын, болмыс-бітімін айқындайтын негізгі басты белгісі- мәдениет болып табылады. Ал мәдениет-ұлттың бет-бейнесі, рухани жан дүниесі, парасаты. Халқымыздың ғасырдан-ғасырға мирас болып келе жатқан бай рухани мұралары мен ұлттың мәдениетіне ерекше көңіл бөлінуіне дәлел «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы құрылып, жүзегетасырылуды. Қазақ мәдениеті-ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасқан. Ұлттық тәрбие- сол ұлттың мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып табылады.

«Ұлт тәрбиелей отырып,жер иесін тәрбиелейміз» деген қанатты сөздегідей өз жеріміздің, ұлтымыздың болашақ иелерін, ұлтжанды иелерін, ұлтжанды азаматтарын тәрбиелеу баршамыздың тікелей борышымыз.

«Қазақстан - біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің өмірімізді сынауды білер болсақ, оны жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір талшыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік» деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты осы бастан Отанына, атамекеніне шын берілгендік рухында тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін көрсетеді.

Елбасы айрықша назар аударып отырған мемлекеттік рәміздер мен заңға құрмет көрсету бүкіл өркениетті қоғамдардың өмір салтына айналған дәстүр. Ол ел бірлігі мен демократиялық үрдістерге адалдық атындай қастерленеді.

Отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға әсер ететін факторлар – ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, игі дәстүрлер, ұлттық парыз, бірлік және міндет. Ұлттық сезім- өзінің ұлт өкілдігін мойындай отырып ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық, халық мұраларын бағалай білу.

Патриоттық тәрбие , ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт- дәстурімізді жатқызсақ, тіл- қазақ болуымыз үшін, дін- адам болуымыз үшін, салт- дәстүр-ұлт болуымыз үшін қажет.   Патриотизм сезімінің оянуы мен қалыптасу процесін белгілі бір асқақ сөзімдерден, мақтаныш- сүйініштен бөле- жара қарауға болмайды. Ол елінің өткен тарихын мақтаныш тұту, жерінің байлығына, әсем көркіне сүйсіну, атадан балаға жалғасып, жақсы үрдісін тапқан ұлттық тілді құрметтеу. Осы сезімдерден туатын, санада орнығып қалыптасатын асыл қасиеттер ұлттық патриотизм деңгейінде өркен жайып, азаматтық патриотизм биігіне ұласатын сыңайлы. Әрине, бұл өздігінен бола салатын нәрсе емес, ол да нақты тәрбиенің жемісі.

Түйіп айтқанда, Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» дейтін еңбегіндегі мына бір тамаша ойға жүгініс жасаған дұрыс болар: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенің мақтанышпен сезіне алатындай іс- қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің мәселелері де, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген   жөн». Міне, осы сөздің өзі – тұла бойы тұнған отаншылдық тәрбие міндеттері.

Жастарды патриотизмге баулу, қоғамның жаппай рухани әлеуметін арттыру мақсатында 2006 жылы Елбасының Жарлығымен азаматтарға патриоттық тәрбие берудің бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Қазақстан азаматтарын патриотизмге тәрбиелеудің педагогикалық негізі – тұлғаның патриоттық сана – сезімін калыптастыру; патриоттық іс – әрекетін ұйымдастыру; мінез – құлқына патриоттық сипат беру мектептегі оқу – тәрбие ісінің езегі. Егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің, ұстаздың  мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті, парасаты,  ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында   игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу.

Осы мақсатта, отбасымызда 2012-2013 оқу жылынан бастап «Патриоттық тәрбие беру» бағдарламасы жүзеге асырылады, бағдарлама үш жылға жоспарланған.  Іске асыру механизмі үлкен үш бөлімді сабақтастыра байланыстырады.

  1. «Асыл сөз»

  2. «Атамекен»

  3.  «Мұрагер»

«Асыл сөз» бөлімінің негізгі мақсаты тәрбиеленушілердің мемлекеттік тілге деген құрметін ояту,тіліміздің мәртебесін көтеру.

«Атамекен» бөлімі киелі Ертіс өңірінің мәдениеті, тарихы, осы өңірде дүниеге келген дара тұлғалардың өмірі мен еңбектерімен таныстыру. Сонымен қатар, бұл бөлімде еліміздің рәміздеріне де көп көңіл бөлінеді.

«Мұрагер» бөлімінде халқымыздың салт-дәстүрі мен бай мәдениеті кенінен насихатталады.

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

 Мақсаты:    

         Жас ұрпақты, ұлттық сана-сезімі оянған, адамгершілігі  және рухани ойлау дәежесі жоғары дамыған, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, салауатты, бойында жоғары патриоттық санасы, өз елі үшін мақтаныш сезімі қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеу.

 Міндеттері: 

-       Тәрбиеленушілердің  рухани  жан дүниесі мен адамгершілік қасиетінің қалыптасуын жүйелі жолға қою;

-       Отанның мүдделерiн қорғау жөнiндегi азаматтық борышы мен
конституциялық мiндеттерiн орындауға дайындығын
тәрбиелеу;

-       Ғаламдастыру дәуірінде өз халқының  төл мәдениеті, тілі мен салт-дәстүрін әр баланың бойына сіңіре отырып, отансүйгіштікке баулу;

-       Қазақстан Республикасының Конституциясын, мемлекеттік рәміздерін (Елтаңба, Әнұран, Туы) құрметтеуге тәрбиелеу;

-       Жас ұрпақты қазақстандық патриотизм мен интернационализм рухында тәрбиелеу;   

-       Адамгершілікке, имандылыққа,ізгілікке тәрбиелеу,туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік пен халықтар достығын құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Күтiлетiн  нәтиже:  

 Бағдарламаны iске асыру барысында мынадай   нәтижелерге қол жеткiзiлетiн болады:

-       Отан, мемлекет, еңбек,отбасы түсініктерін біледі;

-       Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын біледі;

-       қазақ халқының және басқа халықтардың салт-дәстүрлерін, мейрамдарымен танысады;

-       тәрбиеленушілердің сана - сезімінің деңгейі артады;

-       саналы азаматтық ұстанымы  қалыптасады;

-       қоғамдық және мемлекеттік іс-әрекетке белсене қатысу деңгейі артады;

-       Отанын қорғауға дайын болады;

-       балалардың патриоттық шараларғаұмтылушылығы артады;

-       елдiң мемлекеттiк нышандарын,  патриоттық тәрбие жүйесiн одан әрi дамытуға бағытталған шаралар жандандырылатын болады.
                   
            

 

 

Жоспар

 

Жұмыстың барысы

Мазмұны

Өтілетін уақыты

1.

Сараптама

Балалар арасында зерттеу жұмыстарын жүргізу

 

2012 ж.

 

2.

Тақырып бойынша

теориялық білімді игеру.

 

Реферат жазу

 

2012 ж.

 

2.1.

Патриоттық тәрбие оның мақсат, міндеттері

Осы бағдарлама негізінде жаңа бағдарлама құру

 

2012 ж

 

2.2.

 «2006-2008 жылдардағы Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие беру мемлекеттік бағдарламасы».

 

 

2012 ж.

 

2.3.

 «Халықтық педагогика-патриоттық тәрбиенің негізі»

 

Семинар-практикум

 

3.

Бағдарламаны жүзеге асыру

 

Тәрбие сағаттарын, ойын, тәрбиеленушілермен әңгіме, тренингтер жүргізу. Әдістемелік материалдар жинақтау, сараптама жүргізу, ашық тәрбие сағаттарын өткізу.

 

2013-2015 ж.ж.

 

4.

Өткізілген шаралар бойынша қорытынды жасау

Жинақтар шығару, шығармашылық есеп дайындау.

 

2015 ж.

 

2013 - 2014 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

Тақырыбы

Мазмұны

Өтілген уақыты

1.

Заңды білу заман талабы

 

Әңгіме

Тамыз

2.

«Тіл –халықтың жаны»

 

Ауызша журнал

Қыркүйек

3.

«Туған тілім-тірлігімнің айғағы»

 

Отбасылық сағат

Қыркүйек

4.

«Отан сүйер ұлан бол!»

 

Танымдылық ойын

Қазан

5.

«Менің мәңгілік жағалауым, шексіз өзенім»

 

Отбасылық сағат

Қазан

6.

«Ер есімі –ел есінде»

 

Отбасылық сағат

Қараша

7.

«Рәміздерім - мақтанышым»

 

Сайыс

Қараша

8.

«Жетелі елдің жеті белгісі»

 

Отбасылық сағат

Желтоқсан

9.

Туған  өлкем

Сайыс –викторина

Желтоқсан

10.

Ибалы ұл, инабатты қыз –өмір көркі.

 

Танымдылық сайыс

Қаңтар

11.

«Зарница»

Әскери –патриоттық ойын

Қаңтар

12.

«Ел болашағы –білімді  ұрпақта»

 

Сайыс

Ақпан

13.

«Жан жылуы»

 

Отбасылық сағат

Ақпан

14.

«Алтын қақпа»

 

Сауалнама

Наурыз

15.

«Қош келдің, Наурызым!»

 

Қазақтың қлттық ойыны

Наурыз

16.

«Жер кіндігі –Байқоңыр»

 

Отбасылық сағат

Сәуір

17.

«Біз достықты сүйеміз»

 

Танымды әңгіме

Мамыр

18.

«Жер жұмағы -Астана»

 

Отбасылық сағат

Мамыр

 

2014 -2015 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

 

Тақырыбы

Мазмұны

Өтілген уақыты

1.

«Конституция–Ата заңымыз»

Әңгіме

Тамыз

2.

«Ана -тілің арың бұл...»

 

Ауызша журнал

Қыркүйек

3.

"Мемлекеттік тіл –ұлт тірегі"

 

Отбасылық сағат

Қыркүйек

4.

Мақал сөздің –азығы,

Жұмбақ –ойдың қазығы.

Танымдылық ойын

Қазан

5.

«Қазақстан –достықтың  бесігі»

Отбасылық сағат

Қазан

6.

«Рәміздер елдігімнің белгісі»

 

Отбасылық сағат

Қараша

7.

«Тіл білгірі»

 

Сайыс

Қараша

8.

«Біздің Елбасы»

 

Отбасылық сағат

Желтоқсан

9.

«Менің Ертіс өңірім»

 

Танымдық ойын

Желтоқсан

10.

«Ұлы тұлға»

 

Әдеби кеш

Қаңтар

11.

«Ғажайып жетілік»

Танымдылық сайысы

Қаңтар

12.

«Әскери –патриоттық эстафета»

Жарыс

Ақпан

13.

«Керекудің жұмбақ сырлары»

 

Қалаға серуен

Ақпан

14.

«Аталар сөзі –тәрбие көзі»

 

Ойын

Наурыз

15.

«Қошкелдің, құттыНаурызым!»

Мерекелік шара

Наурыз

16.

«Мерей той иелері»

 

Отбасылық сағат

Сәуір

17.

Ынтымақ- достық кепілі.

 

Сауалнама

Мамыр

18.

«Жігіт сұлтаны»

 

Сайыс

1мамыр

2012 -2013оқу жылына арналған жұмыс жоспары

Тақырыбы

Мазмұны

Өтілген уақыты

1.

«Ата Заңым -айбыным»

 

Отбасылық сағат

Тамыз

2.

«Көп тіл білсең, көкжиегің кең болар»

 

Онкүндіктің ашылуы, ауызша журнал

Қыркүйек

3.

«Халықтар достығы, тілдер достығы»

Фестиваль

Қыркүйек

4.

Павлодар облысының 75 –жылдығына орай «Қала және қалалықтар»

Танымдылық ойын

Қазан

5.

«Менің туған Ертіс өңірім»

 

Отбасылық сағат

Қазан

6.

«Ұлттық теңгенің тарихы»

 

Отбасылық сағат

Қараша

7.

«Елімнің рәміздері»

 

Танымдық ойын

Қараша

8.

«Тәуелсіздік  -ел тұғыры»

 

Мерекелік шара

Желтоқсан

9.

«Желтоқсан жаңғырығы»

 

Отбасылық сағат

Желтоқсан

10.

«Туған қаламның көркем ғимараттары».

 

Қалаға шығу

Қаңтар

11.

«Алау»

Әскери –патриоттық ойын

Қаңтар

12.

«Жасөспірім және құқық»

 

Кездесу 

Ақпан

13.

«Мерейтой иелері Ш. Мұртаза  -80 жаста»

 

Отбасылық сағат

Ақпан

14.

«Наурыз думан»

 

Мерекелік шара

Наурыз

15.

«Киелі сандар»

 

Танымдық ойын

Наурыз

16.

«Ғарышкерлер күні»

 

Отбасылық сағат

Сәуір

17.

«Т. Бигельдинов -90 жаста»

 

Танымды әңгіме

Мамыр

18.

«Жеңіске  мың тағзым»

 

Мерекелік шара

Мамыр

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1.     ҚР Білім беру мекемелерінің 2006 – 2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы, Астана, 2006 жыл.

2.     ҚР азаматтарына Патриоттық тәрбие берудің 2006 – 2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2006 жыл.

3.     Павлодар облысының Білім беру ұйымдарында 2006 – 2011 жылдарға арналған «Тәрбие» кешенді аймақтық бағдарламасы, Павлодар, 2006 жыл.

4.     Білім беру ұйымдарында салтанатты іс-шаралар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандарын қолдану рәсімі туралы Ереже.

5.     Н.Ә. Назарбаев, «Қазақстан-2030» атты Жолдауы, Алматы, 1997 жыл.

6.     Т.Р. Шәймерденов, Тәрбие тағылымы, Павлодар, 2002 жыл.

7.     «Қазақстан мектебі» ғылыми-педагогикалық журналы, №9, 2003 жыл, №5-6, №11-12, 2005.