«Жомарттар клубының «Жүректен жүрекке» атты акциясы Мичурин балалар үйінде»
Автор: КГУ Мичуринский детский дом
Жомарттар клубының «Жүректен жүрекке» атты акциясы Мичурин балалар үйінде

Бұл күн хаски және лабрадор иттеріне жегілген шаңғы және шанамен сырғанаудан басталды. Сырғанаудан көңілді күймен оралған балалар, акцияны мәжіліс залында жалғастырды. «Бадрия» би тобы,  сиқыршы Эльдар мен Паша ағайлар, аниматор Pro , «Дойман көпіршік» Дмитрий шоуы күні бойы балалардың көңілін көтеріп, сергектік сыйлап,мәз мейрам қылды.

Шоу-бағдарламадан соң, балалар мен қонақтарға арналып тәтті – дәмділермен шай беріліп,  ұйастырушылар әр тәрбиеленушіге шарф пен шай жиынтықтарын сыйлыққа тартты. Жас балаларды фокустар мен көпіршіктер таң қалдырса, ересек балаларға  тосын сыйлықтар дайындалған еді. Ал бой жетіп қалған қыздарға арнап стилист шеберлер мен визажистер тері күтімі мен шаш күтімі құпиясын ашып,  макияж жасаудың сырын түсіндіріп берді. Ал Мерседес  клубының жас жігіттері ересек ұлдарды машинаға отырғызып, Мерседес машиналары туралы әңгімелеп, қалай табысты тұлға болудың ретін түсіндіріп берді. Соңында  Жомарттар клубының белсенділері  әр жапырағында  шын жүректен жазылған тілегі бар, өз қолдарымен салынған арман ағашын балаларға сыйлады. Балалар үйінің тәрбиеленушілері барлық ұйымдастырушыларға жомарттықтары, сезімталдығы, жақсы көңіл - күй мен мейірімділік сыйлағандықтары үшін алғыстарын аямады. «Осы көрсетілген тамаша шоу-бағдарлама ұзақ уақыт бойы біздің  есімізде қалады»- деп, шынайы ризалығын білдірдібалалар үйінің тәрбиеленушісі Алина Фонарева.