«Мичурин балалар үйіндегі Алғыс күні»
Автор: КГУ Мичуринский детский дом
Мичурин балалар үйіндегі Алғыс күні

Осы күні мерекені атап өту үшін балалар үйіне Мичурин, Черноярка ауылдық округтерінің құрметті азаматтары, еңбек ардагерлері келді. «Черноярская задоринка» вокал тобы, «Черноярочка» халық хоры өздерінің үздік нөмерлерін әкеліп, балаларға сонау ауыр, қиын жылдары ата-бабалары Павлодар жеріне келіп отбасын, тұратын үйін және қолдау тапқандарын айтып, қазақ еліне алғыстарын білдірді. – «Біз өз ата-бабаларымызды, ұстаздарымызды, зейнеткерлерді, еңбек ардагерлерін еске алып, бір – бірімізге алғыс айтып, мұқтаждарға алғыс айттық»,- деді Павлодар ауданы славян этно-мәдени бірлестігінің төрағасы, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап өткізілген Қазақстан халықтар Ассамблеясының қатысушысы Жанна Вадимовна Архипова. Мереке көз тартарлық  әсем флешмобпен аяқталды