«8-наурыз мерекесімен құттықтау»
Автор: КГУ Мичуринский детский дом
8-наурыз мерекесімен құттықтау

Халықаралық әйелдер күнінің алдында, балалар үйінің ер балалары, біздің керемет аруларымызға арнап жарқын да, ұмытылмас мереке ұйымдастырды. Бір жұма бойы біздің ер азаматтарымыз мерекеге даярланып, үйімізде бір түрлі ғажайып құпия кезең жүріп жатты.

Міне, сол тосқан күн де келіп жетті.Ұлдар барлық  әйелдер қауымына, өз қолдарымен жасаған гүлдерін сыйлады. Ересек ұлдар кішкентай ханшайымдарды вальс билеуге шақырды. Сахнада жігіттеріміз орыс тілінде өлеңдерді орындап берді.

Мереке соңында ұлдарымыз барлық қыздарға сыйлықтарын ұсынды.