« Мичурин балалар үйіндегі Наурыз мерекесі»
Автор: КГУ Мичуринский детский дом
                Мичурин балалар үйіндегі Наурыз мерекесі

«Бай мен кедей», «Етікші мен хан» ертегілерінде кедейлердің байларды жеңіп шыққан сәттері суреттеліп, әділеттілік пен шындықты шыңдатып, байлардың қатыгездігі, олардың ойлау қабілеттерінің төмендігі көрсетілді.
«Бауырсақ», «Жыл басына таласқан хайуанаттар» және «Батыл есек» ертегілерінде тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер бауырсақтың мақтаншақтық пен абайсыз жеңіл-желпі мінез құлқын, әр жылдың өзіне тән ырымдары туралы және ептілігінің арқасында жыл басына ие болған тышқанның оқиғасын суреттеді.
Қазақ ертегілері - халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, дәстүрлерін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар, халықтың даналығын, тапқырлығын суреттейтін өзіндік тарихи беттер. Олар өзара әзіл-оспақ және шексіз қиялмен қатар жүреді.