«Қазақстандық футбол күні Мичурин балалар үйінде»
Автор: КГУ Мичуринский детский дом
Қазақстандық футбол күні Мичурин балалар үйінде

Бүгін, 2017 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан футболы еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы құрамына кірген мерейтойын атап өтуде. Біздің ел УЕФА құрамына 2002 жылдың 25 сәуірінде кірді. Осыған дейін Қазақстан футбол федерациясы он жыл бойы Азия Футбол Конфедерациясы (АФК) құрамында болды. Сол уақыт мерзімінде құрама командалар әлемдік спорт алаңында біршама жетістіктерге жетті.

«Иртыш» ФК мен Мичурин балалар үйін көп жылдық  достастық біріктіреді, біздің балалар футбол командасының белсенді жанашырлары болып табылады, сондықтан бүгін футболистер Мичурин балалар үйіне келді.

Қонақтар балаларға сыйлықтар мен бірге ЭКСПО-ға билеттер табыс етіп, Мичурин балалар үйінің мұражайын тамашалап, тәрбиеленушілермен футбол ойнады.

Футбол командасы өздерінің үлгілерімен спорттағы биік жетістіктерімен балалар үйінің тәрбиешілерін салауатты өмір салтын ұстануға баулыйды. Тәрбиеленушілер футболистердің қолдауларын жоғары бағалап, оларға алғыс ретінде шағын концерт сыйлады.