«Павлодар облысы балалар үйі тәрбиеленушілерінің арасындағы Кіші олимпиадалық ойындар»
Автор: КГУ Мичуринский детский дом
Павлодар  облысы балалар үйі тәрбиеленушілерінің арасындағы Кіші олимпиадалық ойындар

Бірінші мамыр мерекесі қарсаңында балалар үйі тәрбиеленушілері арасында Кіші олимпиадалық ойындарды өткізу дәстүрге айналған. Бүгін, 2017 жылғы 25 сәуірде, Мичурин балалар үйі XIII Кіші олимпиадалық ойынның 1 кезеңінне жас спортшыларды қарсы алды.

          Шараның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, балалар үйі тәрбиеленушілерінің арасында сауықтыру және спорттық – бұқаралық жұмыстарды дамыту және жетілдіру. Жарыс бағдарламасында қыздар арасында волейбол, ұлдар арасында баскетбол және қыздар мен ұлдар арасындағы үстел теннисі.

          Жарыста Мичурин балалар үйі, Қалқаман және Қашыр балалар үйлері, Екібастұз қаласының «Үміт» балалар үйі, Павлодар қаласы және Кенжекөл балалар  ауылы, сондай-ақ  отбасы үлгісіндегі Щарбақты және Успен балалар үйілерінің  103 тәрбиеленушісі қатысты.

          Төрешілер коллегиясы Павлодар обысы білім басқармасының аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығынан келді.

1 тур қорытындысы бойынша үстел теннисінен 1 орынды Қашыр балалар үйінің (ұлдар мен қыздар), 2 орынды Мичурин балалар үйінің (қыздар мен ұлдар) командалары және 3 орынды Қалқаман балалар үйінің (ұлдар мен қыздар) командасы иеленді.  

Қыздар арасынды тоғыз құмалақтан 1- орынды Павлодар қаласының балалар ауылы,   2 орынды – Екібастұз қаласының «Үміт» балалар үйі және 3 орынды – Қалкаман балалар үйінің командалары алса,  ұлдар арасында 1 орын - Екібастұз қаласының «Үміт» балалар үйі, 2 орын – Мичурин  балалар үйі және   3 орын – Қашыр балалар үйінің қоржындарына түсті.

            Баскетболдан 1 орынды- Павлодар қаласының балалар ауылы, 2 орынды – Екібастұз қаласының «Үміт» балалар үйі және  3 орынды – Қашыр балалар үйі командалары алды.