««Отбасына барғым келеді!»»
Автор: КГУ Мичуринский детский дом
«Отбасына барғым келеді!»

 Облыстық «Отбасына барғым келеді!» акциясы шеңберінде 28 сәуірде   Мичурин балалар үйінде «Аялы алақан»  Ашық есік күні өтті,   іс-шараға облысымыздың баланы отбасыларында тәрбиелеуге ниет білдірген азаматтары қатысты.

          Аталмыш шарада балаларды отбасыларға орналастырудың альтернативті нысандары туралы ақпараттық-түсіндіру   жұмыстары және тәрбиеленушілердің  спорттағы, шығармашылықтағы жетістіктері  презентацияланып, балалармен сырттай таныстыру жұмысы жүргізілді.

          Ересектердің балалармен жақын танысуы үшін 4 алаңда топты біріктіруге негізделген, оң эмоционалдық ықпал жасайтын және  балалар мен ересектердің шығармашылық қиялдарын дамытатын   ойындар мен тренингтер өткізілді.

          Кейін қонақтар концерттік бағдарламаға шақырылып, балалардың шығармашылық қабілеттерін өз көздерімен көруге мүмкіндік алды. Тәрбиеленуші Сашаның «Біз балалар, отбасына барғымыз келеді» рэп стиліне жазылған әнінен қонақтар көздеріне жас алды.

Шара  соңында  қонақтар   барлығына жылы және құшақ жайып қарсы алғандары үшін  алғыстарын білдіріп, сәттілік тіледі. Қатысушылардың көбісі аталмыш іс-шара жөнінде әлеуметтік желілерден білген,   және бұл оларға балалар үйіне  барлығымен бірге келуге бел будырған, өйткені баланы отбасына қабылдау – ауыр және өте жауапты,ата-аналардан  көп күш пен шыдамдылықты  талап ететін қадам.

Біз, әр баланың бақытты жұлдызы жанып,  өзіне сүйіспеншілікке толы отбасын табатынына сенеміз.  Облысымызда өтіп жатқан аталмыш акция  отбасының және отбасылық тәрбие приоритетінің басымдылығын көрсетеді, өйткені  балалардың барлығы жанұялық жылу мен қамқорлыққа құқылы.