«Мичурин балалар үйіндегі әскери –спорттық эстафета»
Автор: КГУ Мичуринский детский дом
Мичурин балалар үйіндегі әскери –спорттық эстафета

Ауғаныстан соғысы ардагерлері Кеңесінің бастамасымен осымен бес жыл бойы облыстағы балалар үйлері тәрбиеленушілерінің арасында Отан қорғаушылар күніне, Ұлы Отан соғысы Жеңісіне  және ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына  арналған әскери-спорттық эстафета өтуде.

          Эстафета 2017 жылдың 4 мамырында 12 мен 16 жас аралығында тәрбиеленушілер арасында өтті. Жарыста алты команда сап әні, АКМ-ді жартылай бұзу және жинау, гранатты лақтыру, оқ-дәрі салынған жәшіктерді тасымалдау, жаралы адамды қажетті жеріне апару, бөгет жолағынан өту сияқты 7 кезеңнен тұратын сайыстарда күштерімен сынасты.

          Жас ұландарға қонаққа облыстық мәслихат депутаты А.К. Оспанова, Павлодар облысы Нұр Отан партиясы төрағасының орынбасары И.С.Теренченко., Павлодар облысы қорғау ісі бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Е.Смагулов, қол жұмсайтын ұрыс федерациясы, 6679 әскери бөлімінің  үрлемелі  аспаптар оркестрі келді.

          Сонымен қатар эстафетаға облысымыздың ІІД-нің жедел әрекет ету жасақтары көрнекілік көрсетіліммен шақырылды, ұландарөздерінің жауынгерлік шыдамдылық, тәртіптілік пен рухтық күштерін балалар назарына ұсынды.

          Іс – шара қорытындысы бойынша Мичурин балалар үйі командасы эстафета жеңімпаздары болса, Қашыр және  Екібастұз қаласының «Үміт» балалар үйі командалары 2 және 3 орындарды өзара бөлісті.

          Ал Қалқаман балалар үйі командасы арқан тарту мен оқпен ату сайысында 1 орын иеленіп, құрмет грамотасына ие болды.  

          Эстафетаға қатысушылардың барлығына интернационалист – жауынгерлерден сыйлық ретінде EXPO-2017 көрмесіне билеттер табысталды.